Шығыс Қазақстан облысында автобус аударылғанда 6 адам зардап шеккен, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«Оқиға орнына ШҚО ТЖД медицина және апат орталығының қызметкерлері шұғыл түрде келіп жетті. Белгілі болғандай 6 адам зардап шеккен. Обkыстың 5 тұрғыны ауруханаға жөнелтілді, оларда аздаған жарақаттар бар. Ал жүргізуші ауыр жарақат алған, оны қазір Өскеменге алып бара жатыр», - деп хабарлады сейсенбіде өңірдің ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.
Барлығы автобуста жүргізушімен бірге 14 адам болған. Қалған жолаушылар баратын жерлеріне жолшыбай көліктермен жіберілді.
Еске салсақ, ЖКО 26 желтоқсан күні ертеңгісін орын алды. Өскемен-Риддер бағыты бойынша бара жатқан рейстік автобус аударылды. Оның аударылуына көктайғақ себеп болуы мүмкін.
