Шығыс Қазақстан облысы Глубокский ауданында ауа температурасының төмендігінен Ертіс өзенінің тармағы қатып қалды, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
«Ауа температурасының төмендеуі салдарынан Уварово ауылы маңындағы Ертіс өзенінің тармағы қатып қалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда оқиға орнына ШҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атққарушы орган қызметкерлері келіп жетті, Өскемен қаласынан «Нива-Марш» жоғары өткізгіш техникадағы 2 құтқарушы бригада келді. Құтқарушылар кептеліс жерлерді іздестіру мақсатында аумаққа мониторинг және талдау жүргізуде.
