Науқас алдымен жансыздандыратын препарат салып, кейін арнайы құрылғының көмегімен жыныс мүшесін кесіп тастаған, деп хабарлайды Sputniknews.kz Кесерден бұрын ол интернет арқылы видео көрген. Бірақ, кенет «операцияны» дұрыс аяқтамаса керек, соңында азаматтың жағдайы нашарлап, ақыр соңы ауруханадағы ота залынан бір-ақ шықты. Дәрігерлер оған хирургиялық ем жасап, аман сақтап қалды. Қазір науқас урология бөлімінде ем қабылдауда.
«Науқас келген кезінде ұма аймағы кесілген. Арнайы скалпельмен жыныс мүшесін кескен. Ол мұны интернет арқылы көріп жасапты. Оған алғашқы жәрдем көрсетілді. Өзі тұрып-жүріп жатыр. Енді ол кісінен ұрық шықпайды. Бала-шағасы тастап кеткен. Ешкіммен отбасын құра алмағандықтан, осы қадамға барыпты», — дейді дәрігер-уролог Арман Бейсенов.
Осылайша әуретті жерін кесіп тастаған азамат бұл жағдайдан кейін белсіз болып қалды дейді дәрігерлер. Жүйке ауруларымен есепте тұрғандықтан, науқас ертең арнайы әлеуметтік орталықта емін жалғастырмақ. Бүгіннің өзінде психитарлар азаматты тексеріп, бақылауларына алды.
