Қаз   Рус

Шымкентте құлағы бетінде орналасқан сәби мүгедектік анықтамасын ала алмай отыр

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 31 Янв 2018, 16:30

Шымкентте құлағы сол жақ бетіне орналасқан бүлдіршінге шұғыл ота қажет. Қазір туа біткен құлақ ауыз кемістігі бар баланың анасы ота жасатуға жұрттан көмек сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұрат Нышанбек биыл 4 ақпанда екіге толады. Үйдің төртінші кенже баласы туылғанда  осындай кемістік болыпты. Анасы Әйгерім Әлімбаеваның сөзіне қарағанда, өзі мен жолдасында генетикалық ауытқушылықтар болмаған. Ендігі жерде баласына ота жасатайын десе, қолымыз қысқа дегенді айтады.

«Нышанбекті Алматыға апарып ота жасатсақ деп армандаймыз. Алайда бізде ондай операция жасатуға қалтамыз көтермейді. Күйеуімнің тапқаны отбасының керегі мен жиі ауыратын  ұлымың емінен артылмайды. Баламызды мүгедектікке де шығара алмай отырмыз. Себебі, мамандар мұндай анықтама алу үшін алдымен  ота жасату қажеттігін айтты. Енді амалдың жоқтығынан  қайырымды жандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отырмыз»,- дейді Нышанбектің анасы.

Қазір бүлдіршіннің ата-анасы перзентінің еміне мемлекет тарапынан да жәрдем болса екен деп армандайды.  Себебі, науқас  баласының аузын тігуден Шымкенттің дәрігерлері бас тартыпты. Олар  бүлдіршінді ұйықтатын дәріні көтере алмай қалуы мүмкін екенін алға тартқан. Оның үстіне нақты диагнозын анықтап, алу қажет екенін алға тартқан. Ал Нышанбекті жан-жақты тексерету үшін білікті мамандар қажет. Салдарынан күннен күнге баланың есту қабілеті төмендеп, жиі ауыратын көрінеді. 

 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!