Солтүстік Қазақстан облысында монополист 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр жарығы үшін тарифті көтереді, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің (ТМРБжәнеТҚҚК) баспасөз қызметі.
«ТМРБжәнеТҚҚК департаменті «Солтүстік Энерго Орталық»ЖШС-ның 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр жарығын бөлшектеп сату бойынша қызметтің шекті бағасын көтеру туралы хабарламасын қарастыра отырып, жобалық бағаны шекті бағаға дейін төмендету туралы қорытынды шығарды. (…) 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр жарығын көтерме беру бойынша қызмет құнының өсімі 3,8% құрайды», - делінген сәрсенбідегі хабарламада.
Атап өтер болсақ, ҚҚС есептемегенде жобалық баға 1 кВсағатына 18,384 теңгеден 17,984 теңгеге дейін төмендетіледі.
«Әртараптандырылған баға тұтынушылар тобы бойынша ҚҚС есептемегенде 1 кВсағатына 14,09 теңгеден 13,75 теңгеге дейін тұтынушылар тобына «халық үшін» төмендетіледі, ал «заңды тұлғалар» үшін ҚҚС есептемегенде 1 кВсағатына 21,43 теңгеден 20,93 теңгеге дейін төмендету көзделген», - деп түсіндірді ТМРБжәнеТҚҚК-дан.
