Теміртауда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«1 қаңтардан бастап Теміртауда жылу Т98,25/ш.м., салқын су – Т134,55/текше метр (Т1628,97 егер есептегіш құрал болмаса айына), ыстық су – Т337,12/текше метр (Т1076,80 егер есептегіш құрал болмаса), кәріз – Т42,76/текше метр немесе әр адамнан Т654,31»,- деп хабарлады сәрсенбіде «Оқжетпес» компаниясынан.
ҚР ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаментінде нақтылағандай, «Оқжетпес-Т» ЖШС 2018 жылға берген өтінімінде шығындардың барлығы бойынша қаржы салып тастаған: жөндеу жұмыстарына, ЖЖМ және көлік қызметіне.
«Монополист жылу қызметінің құнын Т117, 4/шаршы метр(Т81,74-ден бастап); салқын су Т119,28/текшеметр (Т97, 35-тен бастап) немесе әр адамға Т2788, 65 дейін, егер есептегіш құрал болмаса (Т1178, 64 дейін); су бұру қызметі Т60,04 текшеметр (қазір Т29,51) немесе айына әр адамға Т918, 69 (қазір Т451, 54)», - деді Қарағанды облысы ТМРБжТҚҚК департаментінен.
