Қаз   Рус

Терезеден секірген «ҚазСуШаруашылығы» басшысы өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген болуы мүмкін

41 қаралды
0
kaztag.kz
Вторник, 06 Фев 2018, 13:30

Талдықорғанда ұлттық бюро департаментінің терезесінен секірген «ҚазСуШаруашылығы» филиалының басшысы Сейлхан Мүхамадиевті өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген болуы мүмкін, деп хабарлады ұлттық бюро баспасөз қызметінен.

«09.02 (3 ақпан) С. Мұхамадиев әкімшілік ғимараттың 4-қабатындағы департаменттің қызметтік кабинетінің терезесінен секіріп кеткен. Алған жарақаттарынан С. Мұхамадиев оқиға орнында көз жұмды. Аталмыш дерек бойынша қазіргі таңда Талдықорған қ. ІІБ-де ҚР ҚК 105 б.1б. бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметтік тексерісі басталды», - деп хабарлады сейсенбіде ведомстводан.

Ұлттық бюро өз нұсқасын ұсынып отыр.

«Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті прокуратура органдарының санкциясымен жүргізілген жария емес тергеу амалдары барысында «ҚазСуШаруашылығы» РМК Алматы филиалының директоры С.Мұхамадиевтің пара алғандығы әшкереленген еді. Мемссатып алу шарты сомасының 10% немесе Т17,4 млн көлеміндегі сыйақыны ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны және қосымша келісім жасағаны үшін мердігер ұйым өкілінен алған», - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемеден.

Ұлттық бюрода, «аталмыш соманы ол бір ай ішінде бөліп-бөліп алған» дейді.

«2 ақпанда сағат 22.23-те параның Т400 мың көлеміндегі сомасын алып жатқан кезде С.Мұхамадиев ұсталды. Кезек күттірмейтін тергеу амалдары, соның ішінде оның денесінде жарақаттың жоғына сот-медициналық сараптама, тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстары жүргізілген соң 3 ақпанда сағат 08.34-те ол қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін департаменттің әкімшілік ғимаратына жеткізілген», - делінген таратылған хабарда.

Еске салсақ, 5 ақпанда «ҚазСуШаруашылығы» алматылық филиалының басшысы С.Мұхамедиев Талдықорғандағы ұлттық бюро ғимаратының терезесінен секіріп кеткен. Хабарланғандай, шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 189 б.1б. (иемену немесе ысырап ету, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру) бойынша жүргізілген.

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!