Өткен тәулікте Алматы халықаралық әуежайынан 12 рейс кешіктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Алматы әуежайының Facebook-тегі парақшасында хабарланды. Өткен тәулікте (21/12 - 22/12) Алматы халықаралық әуежайында келесі рейстер кешігіп жөнелтілді: 1. Эйр Астана KC971 Алматы-Шымкент (Әуекомпанияның жолаушыны ұзақ отырғызылуы) 2. Эйр Астана KC907 Алматы-Дели (Транзиттік жолаушыны күту) 3. Эйр Астана КС307 Алматы-Павлодар (Әуекомпанияның жолаушыны ұзақ отырғызылуы) 4. Скат DV777 Алматы-Сианьян (Ұшақтың кешігіп келуі) 5. Скат DV713 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) 6. Эйр Астана KC953 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) 7. Скат DV743 Алматы-Астана (Ұшақтың кешігіп келуі) 8. Скат DV733 Алматы-Астана (Жоспарсыз техникалық қызмет көрсету) 9. Эйр Астана KC931 Алматы-Бангкок (Ұшақтың кешігіп келуі) 10. Пегасус Эйрлайнез PC101 Алматы-Стамбул (Ұшақтың кешігіп келуі) 11.Тәжік Эйр 7J4898 Алматы-Душанбе (Ұшақтың кешігіп келуі) 12. Люфтганза LH649 Алматы-Астана-Франкфурт (Ұшақтың кешігіп келуі) Қазіргі уақытта Алматы әуежайындағы вертикальды көрініс 40 м, деңгейлес көрініс 225 м. құрады. ӘК қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.
