Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға 310 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Бағдарламаны жүзеге асыруға «Цифрлық Қазақстан» - ҚазТАГ) мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінен 169 млрд теңгеден астам қаржы және республикалық бюджеттен 141 млрд теңге тартылады деп күтілуде», - деді Д. Абаев дүйсенбідегі үкімет отырысында.
Алдын ала есептеулер бойынша экономиканы цифрландырудан тікелей пайда 2025 жылға қарай 1,7-2,2 трлн теңгеге қосымша құн қосуға мүмкіндік береді.
«Бағдарламаның қосымша құн қосу және өндірістің тоқтап қалуын болдырмауда әлеуеті зор, бұл өз кезегінде еліміздің ЖІӨ-нің жылына 4,5-5% деңгейінде өсімін қамтамасыз етеді, ал, 2025 жылдан бастап осы ретте 1,6%–2,2%, яғни үштен бір бөлігі (өсім сомасынан – ҚазТАГ) тек цифрландыруға тиесілі болады», - деп хабарлады ҚР АКМ басшысы.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасы үкімет отырысында мақұлданды.
