Қырғызстанмен шекарадағы әскери бөлімнен қашып шыққан дезертир Алматыдан табылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Алматы қаласында 30 қаңтарда ҚР ҚК әскери полициясының іздестіру шаралары барысында Гвардия горнизонының 21450 әскери бөлімінен қашып кеткен мерзімді әскери қызметкер Жанболат Бозбанов табылды», - деп хабарлады сәрсенбіде қорғаныс министрлігінен.
Еске салсақ, 24 қаңтрда ҚР ҚМ Ж.Бозбановтың 21 қаңтарда әскерден өз еркімен кетіп қалғаны айтылған еді. Оны іздестіруге әскери бөлімнің барлық құрамы, гарнизонның әскери полиция бөлімі мен жергілікті құқыққорғаушы орган қызметкерлері жұмылдырылған.
21450 әскери бөлімі Жамбыл облысы Гвардейский гта –да орналасқан. Елдімекенде ҚР қарулы күштерінің 40-шы әскери базасы бар.
