ҚазАқпарат-Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.
Салтанатты жиында облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев қатысушыларды ел тарихындағы мерейлі мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, тәуелсіздік жылдары Елбасының бастамасымен елімізде орын алған жетістіктерге тоқталды.
Іс-шара барысында жыл сайын өткізілетін «Жылдың үздік аудандық соты» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша соттардың жұмысын үздік ұйымдастыруда ерекшелік танытқан, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1-орынды, ал 2-орынға Арал аудандық соты лайық деп табылды. 3-орынды Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты иеленді.
