Қазақстанда 2017 жылы заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталған. Мұндай деректерді Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі келтіріп отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ведомстваның ақпаратына сәйкес, 2017 жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мамандары ғаламтордағы 5527 ақпарат ресурстарына зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, олардың ішінде 2487 заңсыз материалдың бары анықталған. Заңбұзушылықтар анықталған сайттар бойынша жасалған сараптамалық қорытындылар - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне аталған сайттарды бұғаттау және тиісті техникалық шараларды қабылдау үшін жіберілді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі діни әдебиеттер және өзге де діни мазмұндағы материалдар мен нысандарға діни сараптама жүргізді. Атап айтқанда, 2017 жылы 3495 материал діни сараптамадан өтіп, оның ішінде 179 нысанның заң бұзушылық бағыттағы қызметі анықталған.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
