Қаз   Рус

Жаңаөзен маңында апаттан зардап шеккен 15 адам ауруханадан шықты

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 04 Дек 2017, 18:00

Жаңаөзен маңындағы теміржол өткелінде болған жол апатынан зардап шеккен 15 науқас ауруханадан шығарылды. Бұл жайлы Жаңаөзен қалалық ауруханасының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Раушан Жапарова мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біздің ауруханамыздың бөлімшелерінде тағы тоғыз науқас емделіп жатыр. Олардың барлығының жағдайы ауыр болды. Екі адам әлі жансақтау бөлімінде. Олардың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің күшімен ауыр күндердің бәрі артты қалды», - деді Р.Жапарова.

Ол сондай-ақ, хирургия бөлімшесінде тағы үш адамның, травмотология бөлімшесінде төрт адам жатқанын хабарлады.

«Жаңаөзен ауруханасына түскен 2003 жылы туған бала бірнеше жерінен жарақаттанған, бас сүйек-миы зақымданған, миы шайқалған, ішінен жарақат алған. Ол ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алдыру аппараты арқылы тыныс алды, қазіргі уақытта өкпе жасанды желдету аппаратынан босатылды. Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы айтарлықтай жақсарды деп айтуға толық негіз бар», - деді Р.Жапарова.

Айта кетейік, 25 қараша күні Жаңаөзен қаласы маңындағы Теңге ауылына жақын жердегі теміржол өткелінде тепловоз жолаушылар тасымалдайтын «ГАЗельге» соғылған болатын. Жол апаты салдарынан 36 адам зардап шекті. 9-ы қаза тауып, 27-сі ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, облыс әкімінің бұйрығымен қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 1 млн теңге, аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан 9 науқасқа 500 мың теңге бөлу туралы тапсырма берілді. Қалған 18 зардап шегушіге 300 мың теңгеден бөлінеді. 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!