Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жеке мәліметтерді таратқаны үшін «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
«Сондай (маңызды – ҚазТАГ) мәселе - бұл жеке мәліметтерді қорғау. Мемкорпорацияда осыдан бір ай бұрын болған жағдайда, мұнда Дәурен Аскербекұлы (ақпарат және коммуникация министрі Д. Абаев - ҚазТАГ), жауапты қызметкерлер мен мемкорпорация жұмысшыларының жауапкершілігін күшейту керек», - деді Б. Сағынтаев сәрсенбідегі үкімет отырысында.
Хабарланғандай, алматылық тұрғын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Egov-тағы жеке кабинетінде жылжымайтын мүлік және мекен-жай анықтамасы заңсыз берілгенін анықтаған. Ал, «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясында үшінші тұлғаға аталмыш азаматша туралы мәліметтің заңсыз берілгені туралы фактіні растады.
