Климаттың өзгеріп, күрделене түсуіне байланысты әлем бойынша жыл сайын 25 млн адам туып, өскен жерін тастап, босып кетуге мәжбүр деп жазады ҚазАқпарат. Бұл көрсеткіш қарулы қақтығыстар мен соғыстың және саяси қудалаудың салдарынан елден кетіп жататын адамдар санынан 3 есе көп. Бұл туралы сәрсенбі, 8 қараша күні Бонн қаласында өткен БҰҰ-ның климаттық конференцииясы барысында БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі Жоғары комиссарының басқармасынан хабарланды, деп жазады korrespondent.net. Басқарма өкілі аталған статистикалық мәліметтердің климаттың өзгеруінен босушылардың тек бір бөлігін құрайтынын ғана айтады. Яғни статистикалық мәліметтерге дауыл немесе су тасқыны сияқты аяқ астынан болған табиғи апаттарға байланысты өз елінен кетуге мәжбүр болғандар ғана енгізілген. Ал құрғақшылыққа байланысты көшіп кеткендер туралы нақты мәлімет жоқ. Несмістердің Deutsche Welthungerhilfe гуманитарлық ұйымы болса климаттың өзгеруін ашаршылықтың басты салдарының бірі деп есептейді. «Егер біз 2030 жылға дейін жердегі ашаршылықты жойғымыз келсе, бізге конференцияда климаттық өзгерістерді шектеуге ықпал ететін, жүзеге асырылуы мүмкін шараларды қабылдау қажет»,-деп мәлімдеді әлем бойынша ашаршылықпен күресуші Deutsche Welthungerhilfe ұйымының президенті Бэрбель Дикман.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
