АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мелания Трамп Ақ үйдің маңындағы көгалда 200 жылдан бері өсіп тұрған магнолияны аралап тастауға бұйрық берді, деп хабарлайды Би-Би-Си. Өйткені кәрі ағаш келушілер үшін қауіпті бола бастаған. Магнолияны АҚШ-тың жетінші президенті Эндрю Джексон (1829-1837) қайтыс болған әйелін есте қалдыру үшін отырғызған. Мұның жанында Ақ үйдің көптеген салтанатты шаралары өткен еді. Сондай-ақ ағаш 1928 -1988 жылдар аралығында айналымда болған доллар купюрасында бейнеленген.
