Алматыдан 258 км жерде Қазақстан аумағында қуаты 4,1 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2017 жылғы 11 желтоқсанда Астана уақытымен 16 сағат 13 минут 52 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік-шығыс бағытта Алматыдан 258 км жерде, Қазақстан аумағында орын алды», - делінген хабарда. Хабарда айтылғандай, жер сілкінісінің магнитудасы MPV – 4,1 балл болды.
Жер сілкінісінің ошағының координаттары 44.63° с.е. 79.45° ш.б. Тереңдігі - 25 км
Адам шығыны мен қирандылар туралы мәліметтер жоқ.
