«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қараша күні 21 сағат 33 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 338 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.0. MPV тербелісі - 4.2. Тереңдігі - 15 шақырым.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілген жоқ.
