ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2018 жылдың 25 қаңтары күні 02 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 593 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Тербелісі - 9.7. Тереңдігі - 20 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
