Қазақстанның 8 азаматы мінген көлік Ресейдің Алтай өлкесінде бұзылып, жолда қалды. Олардың ішінде 2 жасқа толмаған екі сәби де бар, деп жазады «Алтайская правда».
А-322 автожолында Поспелиха елді мекенінің маңында бара жатқан микроавтобустың қозғалтқышы қатты аяз салдарынан істен шыққан.
Оқиға орнына кезекші жасақ жіберілді. Полицейлер мен құтқарушылар машинаны сүйреп, жолаушыларды жергілікті қонақүйге орналастырды, дейді РФ ІІМ Алтай өлкесі бойынша бас басқармасындағылар.
Басылымның хабарлауына қарағанда, аязды күндерде 1,5 мыңнан жол қауіпсіздігі қызметкері астам күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 50-ден астам жүргізушіге көмек көрсетілді.
