Сауд Арабиясында түйелер фестивалі өтіп жатыр, деп жазады Telegraph.
Арабтар арасында танымалдылыққа ие болған фестивальде әлемдегі ең биік түйе көрсетіледі.
Фестиваль шарттарының бірі түйенің кескін келбетінің тартымды болуы. Бұл шараның жүлде қоры қомақты, ол 57 млн долларға бағаланып отыр. Зор табысқа жету үшін жануар қожайындары қулыққа барады. Олар түйенің кескін келбетін тартымды ету үшін түрлі хирургиялық операция жасатып жатады. Алайда тексеру кезінде мұндай құйтырқылық анықталса бірден сайыстан шеттетіледі.
Айта кетейік, түйелер Сауд Арабиясының корольдігі үшін ежелден келе жатқан қасиетті жануар.
