АҚШ 30 қыркүйекте аяқталған 2017 жылғы қаржы жылында басқа елдерге 41,93 милрд долларға қару-жарақ сатты, деп жазады ТАСС-қа сілтеме жасап ҚазТАГ.
«6,04 млрд. доллар сомасындағы келісімшарт АҚШ Мемлекеттік департаменті желісімен Қорғаныс министрлігі арқылы 3,87 млрд долларға әскери көмек көрсету бағдарламасымен қаржыландырылды. Шетелдік серіктес елдер 32,02 млрд. АҚШ доллары сомасына келісімшарттарды төледі», - делінген АҚШ қорғаныс министрлігінің қорғаныс ынтымақтастығы басқармасының баяндамасында.
Басшылықтың айтуынша, бұл сандар АҚШ-тың әскери өнімдері мен қызметтеріне деген сұраныс жоғары екендігін көрсетеді.
Сондай-ақ, АҚШ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сыртқы саяси мақсаттары мен міндеттерін қорғаныс қаруларын сату және басқа елдерге қорғаныс қызметтерін ұсыну, сондай-ақ олардың әскери кадрларын даярлау арқылы жүзеге асырылуда делінген.
