АҚШ Ирактан әскерлерді шығара бастады, деп хабарлайды TАСС.
«АҚШ әскері аймақтағы ИМ террористік топты (ДАИШ-ҚазТАГ) жеңгеннен кейін Ирактағы халықаралық лаңкестікке қарсы коалицияның әскери базасын тастап шығып жатыр. Америка Құрама Штаттары басқаратын коалиция ИМ қарсы әскери операциялар басталғаннан бері алғаш рет Ирактағы әскерлер санын қысқарту туралы келісімге келді.
Ауғанстандағы әскери базаға әскери қызметшілер мен қару-жарақ жеткізу басталды», - делінген хабарламада дүйсенбіде.
Өткен аптада Иракнан бірнеше ондаған адам кеткені айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, Иракта және Сириядағы ИМ-ді жеңу туралы, Ақ үйде жаңа американдық әскери бюджетке қол қою барысында АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылдың 13 желтоқсанында мәлімдеді.
