АҚШ-тың Вашингтон штатында Amtrak компаниясының жүрдек пойызы рельстен шығып кетіп, тасжолға құлады, - деп хабарлайды Тенгриньюс.кз РИА Новости сайтына сілтеп. Оқиға Олимпия және Лейквуд қалаларының арасында болды. Ең соңғы вагон бірнеше автокөлікті қиратып, тасжолға құлады. Жолда кептеліс орнады. Округ шерифі Пьерстің айтуынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар бар және пойыз жолаушылары мен автокөлік жүргізушілері зардап шеккен. БАҚ мәліметінше, кемінде 77 адам ауруханаға жеткізілген.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
