Астаналық футболшылар Чехияның «Славияны» жеңді және өз тарихында алғаш рет еуропалық турнирдің плей-оффына шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. А тобындағы ақтық ойын Прагада өтті және «Астана» клубының пайдасына 1: 0 есебімен аяқталды.
39-минутта шешуші голды Боснияның қорғаушысы Марин Аничич салды. Екінші таймда «Астананың» қақпашысы Ненад Эрич қолғабысының арқасында, қажетті нәтиже сақтап, топтық кезеңді аяқтап, екінші орынды иеленді.
Бұл Еуропа лигасының плей-оффына шыққан бірінші қазақстандық команда болды.
1/16 финалда қарсыласы «Астана» кейінірек жеребе қорытындысында белгілі болады.
