Қаз   Рус

Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшты

12 қаралды
0
ҚазАқпарат
Понедельник, 22 Янв 2018, 08:00

Ауғанстанда содырлардың қонақүйге шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап. «Ауғанстаннан қайғылы хабар жетті. Бүгін таңертең 1978 жылы туған Қазақстан азаматы содырлардың Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне шабуылы салдарынан ажал құшты. Қаза болған азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасына Әнуар Жайнақов. Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Ауғанстанның қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен үнемі байланысып отыр. «Жақын күндері мерт болған азаматтың денесін Отанына жеткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілетін болады», - деп қосып өтті Жайнақов.  Бұған дейін хабарланғандай, қаруланған бір топ адам Ауғанстан астанасында орналасқан «Интерконтиненталь» қонақүйінде адамдарды тұтқынға алған болатын. БЕЛТА-ның жазуынша, қаруланған содырлар негізгі есіктен кіріп, ішке енген. Бұл уақытта ғимаратта үйлену тойы немесе өзге дереккөздерге сәйкес, конференция өтіп жатқан. Олар іс-шараға қатысушыларға қарсы оқ ашқан. Содырлардың арасында жанкешті-лаңкестер де болған. Оқиғаға куә болғандар үш жарылыс жасалғаны туралы хабарлады. Қаза болған және зардап шеккен 35 адам туралы айтылуда. Полицейлер қонақүйден адамдардың басым денін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. 


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!