Аустралияда 2018 жылдағы алғашқы сәби 01:20-да дүниеге келді. Ол Сиднейдегі Westmead ауруханасында туған моңғол ұлы болды. Бұл жайлы Аустралия телеарналарының бірі таңғы «Today» телебағдарламасында хабарлады, деп жазады МОНЦАМЭ. Дәрігерлер әйелдің ішін жару арқылы босандырды. Сәбидің салмағы 4,150 -гр, бойы - 51.5 см. Ол бақытты отбасындағы екінші перзент болды. Қазір Аустралияда 2 500-ден астам моңғол азаматы тұрады. Еске сала кетсек, Аустралия - Жаңа жылды алғаш қарсы алатын елдердің бірі.
