Қазақстан мен Беларусь сандық экономиканы дамыту жөніндегі кіші комиссияны құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Дәурен Абаев Минск қаласында Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры В. Янчевскиймен кездесу өткізді
28 қарашада Минскіде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь елінің Жоғары технологиялар паркінің директоры Всеволод Янчевскиймен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесуде тараптар стартап экожүйелерінің дамуына және екі елдің венчурлық қаржыландыру институттарына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, цифрлық экономика бойынша комиссия құру да жоспарланды. Комиссия Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша үкіметаралық комиссия аясында құрылады.
Сондай-ақ, кездесуде талқыланған өзекті мәселелердің бірі – блокчейн технологияларын қолдану мен оның құқықтық реттелуі болды.
Кездесу соңында тараптар, жоғары технологиялар саласында екіжақты ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды.
