Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 869 қаулысына сәйкес, Бангладештегі Мьянма рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек аясында Қазақстан 500 мың доллар жібереді.
«ҚР Үкіметі қаулы етеді: ҚР Қаржы министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚР Үкіметінен республикалық бюджетте 2017 жылға арналған ҚР аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін қарастырылған ҚР Үкіметінің төтенше резервінен, Бангладештегі Мьянма рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша 500 мың АҚШ долларына баламалы қаражат бөлінсін», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңнамаға сәйкес бөлінген қаражатты пайдалануды бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
