Қаз   Рус

Қазақстан Президентінің сапары АҚШ үшін неге маңызды

39 қаралды
0
ҚазАқпарат
Четверг, 18 Янв 2018, 08:00

Сейсенбі күні Ақ үйде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың кездесуі өтті, деп жазды The Daily Signal беделді саяси порталы. «Бұл олардың екінші кездесуі. Алғаш рет қос президент өткен жылдың мамыр айында Трамптың Сауд Арабиясына сапарында жүздескен еді.  Бұл кездесу - Трамп сайланған сәттен бері орталықазиялық республика басшысының алғашқы жұмыс сапары», - деп жазды The Daily Signal. Мақала авторы Люк Коффидің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың келуі Дональд Трампқа Америка мүддесін (геосаяси, экономикалық мүдделер, қауіпсіздік тақырыбы) Орталық Азияға көрсету мүмкіндігін берді. ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері АҚШ Қазақстанмен жақсы қарым-қатынасты дамытып келеді. Бұл байланыс әлі де тұрақты, дегенмен нығайта түсуге болады. Орталық Азия АҚШ көшбасшылары үнемі назардан тыс қалдыратын өңір. 90-жылдардың басында «темір құрсау» шешілген соң, АҚШ өңірдегі жаңа тәуелсіз республикалармен қарым-қатынас орнатты. Бірақ, бірнеше жылдан соң бастапқы құлшыныс әлсірей бастады. Әйтсе де, бұл жағдай 2001 жылдың 11 кыркүйегіндегі қайғылы оқиғалардан соң, күрт өзгерді. Террорлық актілерден соң, АҚШ өңірмен байланыс орнату үшін шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Бірнеше жылдан бері Орталық Азия АҚШ-тың Ауғанстандағы терроризмге қарсы операциялары үшін аса маңызды өңір болып отыр. Бірақ, Барак Обама Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылға нүкте қойғаннан соң, Американың Орталық Азиямен байланысы тағы жоғалды. Ал, енді АҚШ Орталық Азиядан не күтіп отыр? «АҚШ Орталық Азиямен анағұрлым тұрақты стратегиялық өзара қарым-қатынас орнатуы керек, ал Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге келуі - оның тамаша бастамасы», - деп атап өтті The Daily Signal. Сондай-ақ, мақалада Орталық Азияның ғасырлар бойы Еуразияның маңызды геосаяси торабында орналасқаны айтылды. Қазақстан құрлықтың дәл жүрегінде орналасқан және экономика, қауіпсіздік, энергетикалық мәселелер бойынша өңірлік көшбасшы болып отыр. Америка мүддесі үшін өңір елдерімен, әсіресе Америка серіктесі - Қазақстанмен жақсы қарым-қатынаста болу аса маңызды. Қазақстан саяси өмірде өзін зайырлы деп атаса да, халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Сондай-ақ, Қазақстан ядролық қаруды таратпау қозғалысының көшбасшысы, ядролық арсеналдан бас тартқан әлемдегі санаулы елдердің бірі.   Қазақстан Астана процесіне тікелей қатыспаса да, Сириядағы қантөгісті тоқтату үшін ұзақ келіссөздерді өткізуде аянбай тер төкті. Бүгінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болатын екі жылдық мерзімінің жартысы өтті.  Бұл уақыт аралығында Қазақстан Солтүстік Кореядағы ядролық мәселелерді шешу аясында маңызды серіктеске айналды. Қазақстан энергетикалық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, экстремизм қаупі сынды т.б. Американың жаһандық сын-қатерлері тоғысатын өңірдің дәл ортасында орналасқан. «Егер АҚШ Еуразиядағы маңызды ойыншы болғысы келсе, Қазақстанды елемей қалдыру мүмкін емес. Жоғарыда аталған сын-қатерлерді еңсеру үшін АҚШ Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек. Сол себепті Назарбаевтың АҚШ-қа сапары өте маңызды. Америка Құрама Штаттарының бірде-бір президенті Қазақстанға тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бері барып көрмепті. АҚШ президенті тезірек Қазақстанға сапарлауы керек»,  - деп өз сөзін түйіндейді автор.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!