Бразилиядағы сары безгектен аптасына 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Россельхознадзор баспасөз қызметі.
«Оңтүстік-батыс 3 штатта науқастану деңгейі өсуі тіркелді. Осылайша, қаңтар айының ортасынан бастап 22 қаңтарға дейін Минас-Жерайс штатында 47 оқиға тіркелді, олардың 25-і өлімге әкеліп соқтырды; Сан-Паулу штатында - тиісінше 36 және 25 оқиға; Рио-де-Жанейро штатында - тиісінше 20 және 8.
Минас-Жерайс штатында 180 күн бойы төтенше жағдай жарияланды және қалалық хайуанаттар бағы жабылды, онда сары безгек вирусын жұқтырған маймыл өлімі тіркелді. Мемлекеттің саябақтарында сары безгекке қарсы егілген адамдарға ғана жүріп-тұруына рұқсат», - делінген хабарламада жұма күні.
2016 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сәйкес Оңтүстік Америкада 7 елде (Боливия, Бразилия, Колумбия, Перу, Суринам, Француз Гвианасы және Эквадор) 777 расталған сары безгегі тіркелген, олардың 261-і өлімге әкелді. 2017 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Бразилияда бұл инфекцияның жаңа оқиғалары туралы хабарланды.
«ДДҰ туристерге ақпарат таратты, онда оларға жоғарыда аталған Бразилия штаттарына тиісті вакцинациясыз бару ұсынылмайды», - делінген хабарламада.
