Facebook әлеуметтік желісі өзінде криптовалюта мен бинарлы опциондар жарнамасын орналастыруға тыйым салады, деп жазады әлеуметтік желі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС.
«Біз жаңа саясат енгізіп жатырмыз, соған сәйкес, бинарлы опцион және криптовалюта секілді көпшілікті жаңылыстыратын немесе алдамшы технологиялармен байланысты сервистер және қаржылық өнімдер жарнамасына тыйым салынады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сервис сондай-ақ, қолданушыларынан жаңа ережені бұзатын жарияланымдар туралы хабарлауларын өтінді.
Бұған дейін Facebook қолданушыларына компаниялар, брендтер және БАҚ посттары секілді жарнама контентін азайтып, достары мен тумаларының жаңалықтарын барынша көбірек көруге мүмкіндік беретін өзгерістері туралы айтты.
Facebookтің негізін 2004 жылдың 4 ақпанында Марк Цукерберг және оның үш курстасы Гарвард университетінде оқып жүргенде қалаған. Ай сайынғы әлеуметік желі аудиториясы әлем бойынша 2 млрд қолданушыдан асады. М. Цукерберг бұған дейін әлеуметтік желі 2030 жылға қарай интернет қолданушылар санын 5 млрд дейін көбейтуге қабілетті екенін бірнеше мәрте мәлімдеген еді.
