Финляндияда бүгін, жексенбіде президенттік сайлау өтіп жатыр. Елде 2 мың сайлау учаскесі жұмыс істеуде, деп хабарлайды ТАСС.
Финляндия президентін сайлауға дауыс беру мерзімі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталады.
Сайлауда жеңіске жеткен кандидаттың есімі сайлау учаскелері жабылғанннан кейін небәрі екі сағаттан соң жариялануы да ықтимал. Жоғары лауазымға сегіз кандитат үміткер болып отыр. Үміткерлердің бірі жеңген жағдайда жаңа президентті ұлықтау рәсімі 1 ақпанда өтеді.
Егер алғашқы турда жеңімпаз белгісіз болып, яғни ешкім 50 пайыздан астам дауыс жинай алмаса, онда 11 ақпанда екінші тур болады. Айта кеткен жөн, Финляндияда 4,2 миллион азамат дауыс беру құқына ие, олардың 1,5 миллионы 17-23 қаңтар аралығында мерзімінен бұрын дауыс берген.
