Хельсинки қаласындағы супермаркеттер сөресінде жәндіктерден жасалған нан пайда болады деп хабарлады 24.kz. Өнімді Fazer компаниясы шығаратын болады. Айтуларынша, бір бөлке нанға 70 кептірілген шегіртке қажет екен. Жәндіктерді үгітіп, оған ұн қосып жасайды. Өнімнің жалпы салмағының 3 пайызын шегірткелер құрайды. «Шегірткелерден жасалған нан ақуызға бай. Одан бөлек құрамында пайдалы майлы қышқылдар, кальций, темір, В12 дәрумені бар», – деп атап өтті Fazer Bakeries компаниясының инновациялар жөніндегі директоры Юхани Сибаков. Сонымен қатар нанды әдейі қытырлақ етіп жасағандарын да тілге тиек етті. Мұндай нанның бір бөлкесі шамамен 4 еуро тұрады.
Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
