Германияда шаурмаға тыйым салу жөнінде бастама көтерілді. Оған мұздатылған етке фосфаттардың қолданылуы себеп болып отыр. Бұл туралы The Economist хабарлайды.
Осы мәселе Еуроодақ шенеуніктерінің қарауында тұр. Еуропарламенттің Денсаулық сақтау жөніндегі комитеті Еурокомиссияның шаурма үшін мұздатылған етке фосфаттарды пайдалануға рұқсат беру туралы ұсынысын қайтарды. Қазіргі кезде жаңа етке фосфатты қолдануға болады, бірақ мұздатылған ет үшін мұндай норма жоқ.
Фосфаттардың қолданылуы жүрек ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін. Дегенмен ғалымдар бұл мәселеде тоқ етерлік қорытындыға келе алмай отыр. Фосфаттар әдетте мұздатылған етке оның дәмі мен ылғалын сақтау үшін қосылады.
Европарламент желтоқсанда осы мәселені қарайды. Егер Еурокомиссияның ұсынысы қабылданбаса, шаурмаға тыйым салынуы мүмкін.
