Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Оңтүстік Кореядағы Қысқы Олимпиада ойындары 2018 қауіпсіз өтетіне сендірді, деп хабарлады ТАСС.
«Пхенчхан Олимпиада кезінде әр елден келетін командалар, адамдар үшін ең қауіпсіз жер болады», - деп мәлімдеді Т.Бах телефон конференциясы кезінде.
Бұндай мәлімдеме КХДР мен Корея Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың оң беталыстары жағдайында айтылды.
Еске салсақ, Сеул мен Пхеньян арасындағы «жылылық» 2018 жылдың алғашқы күндерінен сезіле бастады, солтүстік кореялық лидер Ким Чен Ынның сөзінен кейін, ол Қысқы Олимпиада ойындары 2018-ге қатысу үшін спорттық делегациясын жіберу ниеті туралы мәлімдеген еді. Нәтижесінде алғашқы 2 жылда Солтүстік пен Оңтүстік Пханмунджон шекара бекетінде министрлер деңгейінде келіссөздер өткізді. Солардың қорытындысы бойынша тараптар КХДР Пхенчхандағы Олимпиадаға билік өкілдері қосылған делегацияны жіберу туралы шешім қабылдады. 20 қаңтарда ХОК спорттың 5 түрінен жарысқа түсетін Солтүстік Кореяның 22 атлеті үшін қосымша квота бөлді. Олармен бірге 24 жаттықтырушы және ресми тұлғалар барады.
Оңтүстік Кореядағы ойындарға 80 елден 5 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Барлығы 102 медаль сарапқа салынады. Олимпиада-2018 9-25 ақпан аралығында өтеді.
