Киевтегі аудандық соты Одесса облысының бұрынғы губернаторы мен Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді прокурордың саясаткерді екі айға үй қамауына жіберу туралы талабына қарамай, бостандыққа шығарды деп жазады Reuters.
«Прокурорлардың өтініштері ... қанағаттандырылмасын», - деді судья Лариса Цокол.
Жоғарыда айтылғандай, М. Саакашвилиге қатысты қылмыстық тергеу Киев билігі мен саясаткердің олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптаған соңғы айларындағы қарсылықтың тағы бір көрінісі болды.
Бұдан бұрын украиналық билік М. Саакашвилиді Украинаның азаматтығынан айырған.
Украинада М. Саакашвили қылмыстық топтарға қоқабыс жасаған деп айыпталуда. Бас прокурор Юрий Луценконың айтуынша, М. Саакашвилидің наразылығын Виктор Януковичті тақтан тайғаннан кейін Ресейге қоныс аударған украиналық олигарх Сергей Курченко қаржыландырды.
Саясаткер өзі айыптаудан бас тартып, С.Курченконың кім екенін білмеймін дейді.
