Бокстан бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон марихуана өсіріп, кәсіп ашпақ, деп жазады ТАСС. Каннабис есірткісі Калифорния-Сити қаласының маңындағы аумағы 16 гектардан асатын «Тайсонның ранчосында» өсірілетін болады. Оның ранчосының аумағында марихуана өсірудің әдістеріне үйрететін мектеп пен бұл өсімдіктің дәрілік қасиеттерін зерттейтін орталық ашылуы мүмкін. Айта кетейік, былғары қолғап шебері өзінің спорттық мансабын 2005 жылы аяқтаған еді. Майк Тайсон салмақ дәрежесіне қарамастан, тарихтағы ең мықты боксшылардың бірі болып табылады.
