АҚШ-тағы Мичиган университетінің ғалымдары никотинге тәуелділікті қалыптастыруға әсер етіп, темекіні тастауды одан сайын қиындата түсетін генді анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Medical Хpress-ке сілтеме жасап rg.ru жазады.
Олар Caenorhabditis elegans домалақ құрттарына тәжірибе жүргізген. Алдымен құрттың жұмыртқаларын никотинге тәуелді етіп, одан кейін жәндіктерге оны бермей қойған.
Мамандар құрттардың әрекетіне бақылау жүргізгенде никотинді рецепторлар ақуызын бөлуге белсенді ықпал жасайтын микроРНҚ мен бірқатар генді айқындаған. Олардың шылымға тәуелділікті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын белгілі болды.
Зерттеушілер құрттың жұмыртқалары да сүтқоректілер сияқты никотин жетіспегенде осындай реакцияға түсетінін байқағанда, бұл тәжірибені адамдардың шылымға тәуелділігін зерттеу үшін де қолдануға болады деген қорытындыға келген.
