Нигерияның солтүстік-шығысындағы Адамава штатындағы мешітте лаңкес-женкешті өз-өзін жарып жіберді, деп жазады The Telegraph-қа сілтеме берген ҚазТАГ.
«Адамава штаты 2015 жылы «Боко харам» содырларынан босатқаннан кейін салыстырмалы түрде тыныш болып есептеліп келді. Штат полициясының төрағасы Абубакар Отманның айтуынша, қаза тапқандар саны 50 адамға жетті, көптеген адамдар жарақат алды, сондықтан көз жұмғандар саны артуы да мүмкін», - делінген хабарда.
Полиция ақпарынша, теракт осы ауданда және елдің басқа бөліктерінде бар «Боко Харам» террорлық ислам тобымен байланысты.
Бұл ретте мешіттегі теракті ағымдағы жылы Нигерияда болған ең ірі теракті болып отыр. «Боко Харам» содырлары елде 2009 жылдан бері келе жатыр. БҰҰ ақпарынша, лаңкестердң әрекетінің салдарынан 2 миллиондай тұрғын үйлерін тастап кетсе, 20 мыңнан астамы көз жұмған.
Содырлар әсіресе Борно штатында әрекеттерін барынша белсенді жүзеге асырады.
