Қаз   Рус

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президентімен қандай мәселелерді талқылады

11 қаралды
0
ҚазАқпарат
Пятница, 19 Янв 2018, 09:30

АҚШ-қа ресми сапарын қорытындылап, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен қандай мәселелерді талқылағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ол жұмысына кіріскен уақыттан бері сырттай байланыстар болып, екі рет телефон арқылы сөйлесіп, Эр-Риядта кездестік. Және де біздерде қандайда бір өзара түсіністік қалыптасты. Мен оның басқа президенттерге мүлдем ұқсамайтындығын білдім. Мен Үлкен Буштан бастап, Клинтон, Кіші Буш, Обамамен кездестім. Оның келіссөздер жүргізу мәнері де ешкімге мүлдем ұқсамайды. Бизнесмен, нақтылықтың адамы, бос сөзді жақсы көрмейді. Бұл маған да ұнайды. Біз бір-бірімізбен бірден түсіністік. Жайлы жұмыс жасадық, ешқандай проблема болған жоқ. Қайта талқылаған мәселелер бойынша тікелей байланысып отыруға уағдаластық. Америкалық компанияларға Қазақстанда жұмыс істеуге белгілі мүмкіндік берілетіндігіне, Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ел екендігіне келістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы АҚШ пен Қазақстанның стратегиялық серіктестігін одан ары нығайту мәселесі Дональ Трамппен бірге қол қойған бірлескен мәлімдемеде көрініс тапқандығын баса айтты. АҚШ Президентімен әлемнің шиеленісті нүктелеріндегі мәселелер де талқыланғанын атап өтті. «Оны Солтүстік Кореядағы ахуал қатты алаңдатады. Мен Солтүстік Корея проблемасын АҚШ, Ресей және Қытай тізе қоса отырып қана шеше алатындығын айттым. Басқа шешімі жоқ. Ол мұнымен келісті. Меніңше, дәл осы бағытта жұмыс істеу қажет», - деді ҚР Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентімен Иран мәселесін, ядролық бағдарламасын тоқтату келісімін талқылағанын айтты. «Трампқа бұл келісімдер ұнамайды. Бірақ мен бұл келісімнің жан-жақты сараланған, қажетті екендігін, оны алып тастау Иранның өзінің бағдарламасын жүзеге асыруды қайта қолға алуына түрткі болатындығын, сол кезде Солтүстік Корея сынды тағы бір проблемаға тап болатындығымызды табанды түрде айттым. Меніңше, бұл бағытта жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентімен Ауғанстан мәселесі де қарастырылғандығын айтты.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!