Қаз   Рус

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді

17 қаралды
0
ҚазАқпарат
Среда, 03 Янв 2018, 09:00

Қаңтарда өтетін Қауіпсіздік Кеңесінде ядролық қаруды таратпау  мәселесі басты талқыланатын тақырып болмақ. Бұл туралы сейсенбіде Нью-Йорктегі  БҰҰ штаб-пәтерінде болған баспасөз мәслихатында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі,  Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап. Елші Қауіпсіздік Кеңесінің осы айдағы жұмысы жайында әңгімеледі, сондай-ақ 18 қаңтарда Кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг өтетіндігін айтты. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады. Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді. «Неліктен бұл мәселені қозғауға шешім қабылдадық? Біз бүгінгі таңда түрлі саяси көшбасшылардың, елдердің арасында сенімді қарым-қатынастар құруға көбірек мән беруіміз қажет деп есептейміз», - деді Қайрат Омаров. - Онсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес. Меніңше, қазіргі әлемде дәл осы жетпей тұр». Қ. Омаров 19 қаңтар күні Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ауғанстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған министрлер деңгейіндегі пікірсайысқа төрағалық ететіндігін мәлім етті. Отырыста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйлейді. БҰҰ басшысы Орталық Азияға өткен жылдың жазында келген. Қазақстан елшісінің сөзіне қарағанда, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы күн тәртібінде тұрған үшінші маңызды тақырып Таяу Шығыс, соның ішінде Палестина мәселесі болмақ. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы жағдайды да талқылайды, - деді Қ. Омаров. Ол 2017 жылы желтоқсанда Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өткендігін еске салды. БҰҰ-да оны нәтижелі деп бағалады. Қазақстан алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды және алғаш рет оған төрағалық етуде. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланған алғашқы мемлекет атанды.


 

Журналист
– Бір ел - екі тіл едік. Енді "Бір ел - екі әліпби" болатын сияқты.
На Каспии начались военные учения Хазар қорғаны-2026
- Как профессиональный процессник не могу пройти мимо. Люди, Процессы, Технологии - фундамент любой организации - и задача руководства обеспечить слаженность взаимодействия этих трех составляющих. Не понимание этих фундаменталых основ - к сожалению бич нашего времени. Копни в любое министерство или частную компанию - везде одно и то же - нет должного внимания к этим фундаментальным блокам - как результат трагедии, финансовые потери и невозможность быть конкуретноспособным)). Алга Казахстан!)
Масоны Казахстана: кто они и чем занимаются на самом деле
- Вторая статья о масонах!!! Что делается?! И правильно делают, что относятся с осторожностью, след в истории оставили уже. Работают с расчетом на века!
В Алматы произошло землетрясение интенсивностью 3–4 балла
- Оповещаеие должно быть на ясно казахском и на русском , то что сегодня оповестили на ломанном казахском не понятно для многих людей , даже казахской национальности
102 километра в объезд Сарыагаша
- Отличная новость. У меня вопрос где начинается и где заканчивается, вернее где съезды этой дороги?
Как Олжас Сулейменов стал жертвой фейка
- В конце 90х гг., когда еще не было интернета в нашем селе, я училась в 9 классе, в учебнике русской литературы был именно этот стих О.Сулейменова, который начинался так "Айналайын - чудесное слово, жаль, что его русский не поймет.."
Любое учреждение, где есть дети, смогут проверить без предупреждения в Алматы
- Благодарим Жанат, очень своевременная программа. Желаем вам и вашей команде успехов. Мне хотелось бы поучаствовать, быть полезной в вашей работе.
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
- Не удивительно,у меня есть решение суда с 2008 и не исполнено по сей день,на сумму 3000млн.тенге,хотя исполнительный находится у ЧСИ,вроде как решение суда не имеет ни какой силы,должникам закон не писан!