Перуде автобустың құзға құлауы салдарынан 48 адам мерт болды, деп хабарлады «Коммерсант».
«Лимаға кетіп бара жатып, бұралаң тау жолында жүк көлігімен соқтығысқан 53 жолаушысы бар автобус құзға құлап кеткен. Перулік полиция өкілі алдын-ала болжам бойынша 36 адам мерт болды деп хабарлаған боалтын. (...) Кейін қаза тапқандар саны 48 адамға жеткені айтылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда
Перулік полиция өкілінің айтуынша, 30 мәйіт шығарып алынған, қалғандары сынықтар арасында қыстырылып қалған.
