Владимир Путин 2018 жылы жаңа президенттік мерзімге сайлауға түседі. Бұл туралы мемлекет басшысының өзі ГАЗ автозауыты еңбеккерлерімен және ардагерлерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС. «Иә, мен Ресей Федерациясы президенті сайлауына түсемін»,- деп мәлім етті ол. Ресей басшысының сөзін естіген кездесуге қатысушылар ду қол шапалақтады. «Мұндай қолдау көрсеткендеріңізге рахмет», - деді Путин зауыт ұжымына өз ризашылығын білдіріп. «Сіздердің жұмыстарыңызға, елімізге деген көзқарастарыңызға алғыс айтамын»,- деп жалғастырды ол. «Біз бірге болсақ бәрі де жақсы болады»,- деп атап өтті РФ президенті. Еске сала кетсек, Владимир Путиннің өкілеттік мерзімі 2018 жылы аяқталады.
