Ресей БҰҰ-ға бүкіләлемдік ұйымға жарна ретінде 75 миллион доллар аударды. Бұл туралы бейсенбіде журналистерге БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Бүгін біз Бельгиядағы, Эстониядағы Катардағы және Ресей Федерациясындағы достарымызға алғыс айтамыз. Олардың бәрі БҰҰ-ға жыл сайынғы жарналарын толық көлемде төледі»,- деді ол.
БҰҰ-ның ресми интернет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 75 миллион доллар көлеміндегі жарна 31 қаңтарда аударылған. Қазіргі уақытта бұл бүкіләемдік ұйымға мүше мемлекеттерден түскен қаржыға қарағанда өте қомақты.
Бүгінгі күнге дейін 36 ел өз жарналарын төлеген. Еске сала кетсек, 2018-2019 жылдарға БҰҰ бюджетін 24 желтоқсанда Бас Ассамблея $5,397 млрд көлемінде бекіткен болатын.
Дегенмен бұл мұның алдындағы екі жылдық кезеңдегі қаржыдан 5% кем.
