Ресейліктардың жартысынан көбі Қазақстанды әлемдік аренада Ресейдің негізгі серіктесі деп атады, деп хабарлайды ТАСС.
«Ресейліктар Белоруссияны (64%) және Қазақстанды (57%) әлемдік деңгейде өз елінің басты серіктестері деп атайды.
Қандай елдер Ресейдің ең сенімді серіктесі екендігі туралы сұраққа жауап берген респонденттер Беларусия мен Қазақстаннан кейін Армения (16%), Әзірбайжан (10%), Қырғызстан (8%) және Өзбекстан (8%) деп жауап беріпті. Бұдан кейін Грузия (6%), Тәжікстан (5%), Молдова (5%), Түркменстан (5%) және Украина (1%) төмендеп кете береді», - деді сейсенбі күні Бүкілресейлік қоғамдық пікірге зерттеу орталығының (БҚПЗО) өкілдері.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ресейдегі көшбасшыларының сенім рейтингісін бастап тұр. Осылайша, респонденттердің 56% Н.Назарбаевқа, ал 62% А. Лукашенкоға дауыс беріпті.
