Санкт-Петербордағы жарылыс террорлық шабуыл деп танылды, деп хабарлайды «Коммерсант».
«Кеше Санкт-Петербургте террористік акт жасалды. (...) Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) жақында террорлық акт бойынша тағы бір әрекетті тоқтатты», - деді Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы әскери операцияға қатысқан офицерлермен кездесуде, бірақ арнайы операция туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Санкт-Петербург супермаркетінде жарылыс болды, нәтижесінде 11 адам жарақат алды. Ресей тергеу комитетінің ақпараты бойынша, ғимаратта жарақаттағыш элементтермен толтырылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған. Жарылғыш құрылғысының қуаты шамамен тротил баламасымен 200 грамм деп бағаланады.
