Сауд Арабиясында сыбайлас жемқорлықпен күдіктеліп тұтқындалғандардың бәрі босатылды, деп хабарлады ТАСС.
«Ritz Carlton қонақ үйінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан кезінде ұсталған Сауд ханзадалары, бұрынғы министрлер мен кәсіпкерлер босатылды. Ritz Carlton-нан соңғы күндері МВС Аль-Валид Аль-Ибрахимнің иесі Ханзада Аль-Валид Бен Талал, Сауд Арабиясының Saudi Binladin Group компаниясының құрылыс басқармасының бастығы Бахрир Бин Ладен қамаудан босатылды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Еске салайық, 2017 жылдың қараша айының басында корольдіктің Бас прокуратурасы ірі көлемдегі жемқорлыққа қарсы тергеудің алғашқы нәтижелерін ұсынды. Онда корольдік отбасының 11 мүшесі, 4 министр мен ондаған бұрынғы министрлер ұсталды.
Соңғы 3 жылда жүргізілген прокуратураның тергеуіне сүйенсек, кем дегенде 100 миллиард доллар «соңғы онжылдықта жүйелі сыбайлас жемқорлық пен ұрлық» нәтижесінде «теріс пайдаланылды». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу елдегі ауқымды реформалардың бір бөлігі болды, ол мұнай бағасының құлдырауына байланысты Патшалықтың кірісі құлдырағаннан кейін билік осыған баруға мәжбүр болды.
24 қаңтарда Сауд Арабиясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды науқан ресми түрде аяқталды.
