Сауд Арабиясының билігі кинотеатрлардың жұмысына 35 жылдық тыйым салуды алып тастағанын мәлімдеді. Алғашқы кинотеатрлар келесі жылдың наурыз айында ашылады, деп хабарлады ВВС Орыс қызметі.
«80-жылдардың басында елде ислам фундаменталистерінің қысымымен кинотеатрларға тыйым салынған. Осы жылдың қаңтар айында муфтий шейх Абдул әл-Шейх кинотеатрлар азғындыққа үлес қосып, елдегі моральдық негіздерді бұзуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Алайда, дүйсенбі күні Король Ханзадасы Мұхаммед бин Салман «Көру-2030» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік және экономикалық реформалар жоспарын ұсынды, оған сәйкес билік өмірдің көптеген салаларындағы қысымды жұмсартады», - делінген хабарда.
«Мысалы, келесі жылдан бастап әйелдерге спорттық іс-шараларға қатысуға рұқсат беріледі», - деп хабарлады Би-Би-Си.
Түсіндірілгендей, ағымдағы реформалар негізінен экономикалық себептерге негізделген. Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ел басқа қаржыландыру көздерін іздейді, олардың біреуі ойын-сауық индустриясы.
Мәдениет және ақпарат министрі Аввад бин Салех кинотеатрлардың ашылуы экономикалық өсудің катализаторы болатынын мәлімдеді: «Мәдениет саласын дамытып, сауда үшін жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктер ашып, Патшалықта көңіл көтеру мүмкіндіктерін арттырамыз».
2030 жылға қарай Сауд Арабиясы 300-ден астам кинотеатр ашуды жоспарлап отыр - бұл 2 мың кинозал. Үкімет мәлімдемесінде кинотеатрлардан 24 млн. доллар экономикаға түсетін табыс көруді, және 30 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.
