Сткогольм кітапханасында 200 кітаптан тұратын Қазақстан секциясы ашылады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстандық делегация Ұлттық академиялық кітапхана және мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен Стокгольмдегі Шведтік ұлттық кітапханаға барды. ҚР ҰАК бас директорының орынбасары Нуржан Жолдыбалинов шведтік әріптестеріне 200-ден астам кітап беріп жіберді, олар стокгольмдік кітапханада Қазақстан секциясын жасауға негіз болады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық болашағы талқыланды, соның ішінде цифрлық форматтағы әдеби шығармалармен алмасу арқылы, мысалы, электронды және аудио кітаптар түрінде.
«Стокгольмде делегация Швециядағы Қазақстан Жастар қауымдастығы өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау болды»,- деді ҚР СІМ.
